Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Иммигранттық емес визалар

АҚШ-қа уақытша келушілер

Барлық визаға өтініш берушілер DS-160 визасына өтініш беру формасына енгізген ақпаратын екі қайтара МҰҚИЯТ тексеріп алуы керек. Мәліметтердің дұрыс енгізілмесе, айтарлықтай кешігулер орын алып, екінші рет сұхбат алу/кездесу қажет болады.
 
Биометриялық мәліметтерді өңдеу рәсімдеріне байланысты, Консулдық бөлім визаларды сұхбат болған күні бере алмайды. Барлық өтініш берушілердің виза алуға алдын ала өтініш берулері құпталады. Ұшаққа билет сатып алынып қойған болуы себепті сұхбат алу уақытын тездету мүмкін емес. Сондықтан қолыңызға жарамды виза тимейінше, ұшаққа билеттер алмағаныңыз жөн.

Астанада немесе Алматыда виза алуға өтініш беру

Америка Құрама Штаттарына иммигранттық емес виза алуға өтініш беру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1-қадам. 

  1. Төлқұжатыңызды тексеріңіз:
     
    a) Төлқұжатыңыз Құрама Штаттарға бармақ болған мерзімнен кейін кемінде алты ай жарамды болуы керек (мыс., АҚШ-қа наурыз айында бір айға баруды жоспарласаңыз, төлқұжатыңыз кемінде қазан айына дейін жарамды болуы керек). 
    b) Төлқұжатыңызда виза үшін кемінде бір бос бет болуы керек.
  2. Фотосуретіңізді тексеріңіз:

Виза алуға онлайн өтініш беруді аяқтау үшін сізге сандық фотосурет қажет.  Фотосуретті жүктеуге қойылатын талаптар мен фотосуреттің техникалық шарттарын мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз жүктеген фотосурет талаптарға сай келмесе немесе өзіңіздің фотосуретіңіз болмаса, сізге фотосуретсіз жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай жағдайда, өтінішті сәтті беріп қойған болсаңыз, жоғарыдағы талаптарға сай келетін фотосуретті сұхбатқа алып келуіңізге болады. Фотосуреттің өлшемі 2 х 2 дюйм (шамамен 50 мм х 50 мм), басыңыз кадрдың ортасында орналасуы, қазіргі келбетіңізді көрсету үшін соңғы 6 ай ішінде түсірілген болуы керек. Фотосурет түрлі түсті, тек ақ фонда болуы керек. Бас киімдер немесе бас жабынын киюге діни себептермен киілсе және олар бет-әлпет ерекшеліктерін жасырып тұратын болмаса ғана рұқсат етіледі. Фотосуретте көзілдірік тағуға тек линзалары реңктелмеген және жарық қайтармайтын болса немесе көзді жасырып тұратын көлеңке немесе жақтаулары болмаса ғана рұқсат етіледі. Фотосуретті виза алуға онлайн өтініш білдіру формасына жүктеудің орнына сұхбатқа әкелсеңіз, виза берілу үдерісі ұзаруы мүмкін.

Ескерту: Суретіңіз тіпті сурет сапасын онлайн бағалау сынағында қабылданса да, ол жоғарыда белгіленген талаптарға сай болмаған жағдайда виза алу үшін сұхбат кезінде қабылданбай қойылуы мүмкін. Сондықтан, фотосуретіңізді өтінішпен бірге жіберіп қойсаңыз да, сұхбатқа келерде жоғарыдағы талаптарға сай келетін бір фотосуретіңізді ала келуге кеңес беріледі.
 
2-қадам. Ақы төлеу, өтініш формасын толтыру және кездесуді белгілеу үшін АҚШ Виза туралы ақпарат қызметінің веб-сайтына кіріңіз
 
3-қадам. Консул қызметкерімен сұхбатқа келіңіз. Кей жағдайларда өтінішті PonyExpress арқылы жіберуге болады. Қосымша ақпарат алу үшін, АҚШ Виза туралы ақпарат қызметінің веб-сайтына кіріңіз.
  
4-қадам. Төлқұжатыңыз бен визаңызды PonyExpress арқылы алыңыз
 
Виза берілген барлық төлқұжаттар өтініш берушілерге курьерлік пошта арқылы Қазақстандағы кез келген мекен-жайға 2-4 жұмыс күні ішінде қайтарып беріледі. Егер асығыс болсаңыз, Астана және Алматы қалаларындағы PonyExpress бас кеңселерінен келесі жұмыс күні алу мүмкіндігі қарастырылған.
 
Виза қолыңызға тимей жатып, жол ақыларын төлемегеніңіз жөн. Төлеп қойған болсаңыз, АҚШ Елшілігінің Консулдық бөлімі жауапкершілік көтермейді, сондай-ақ сапарға шығу күніңіз белгіленіп қойғандықтан виза беру үдерісі тездетілмейді.

Визадағы ақпарат

Визаға санат, аяқталу күні және рұқсат етілген кіру саны туралы ақпарат басылады. Аяқталу күні дегеніміз – сізге АҚШ аумағына КІРУГЕ болатын соңғы күн. Құрама Штаттарға келгеннен кейін, АҚШ Иммиграциялық офицері қанша уақыт қалатыныңызды анықтайды.
 
Иммигранттық емес визалар алу үшін екі төлем түрі бар: 

Иммиграциялық емес визалар үшін төленетін ақы

Санат

Консулдық алым

3 айға беру ақысы

12 айға беру ақысы

B1/B2, I және R

$140

$0

$60

C

$140

$0 (тек бір рет кіру)

жоқ

D,F, M және J

$140

$0

$0

H

$140+$10

$0 (тек бір рет кіру)

$230

L

$140+$10

$0 (тек бір рет кіру)

$230

O, P және Q

$140+$10

$0

$0

E

$140+$250

$0 (тек бір рет кіру)

$0

Барлық виза ақылары АҚШ долларымен төленуі керек.

Виза беруден бас тарту

Егер сізге виза беруден бас тартылса, қайтадан өтініш беруіңізге болады. Дегенмен, Қазақстанмен берік әлеуметтік және экономикалық байланыстарыңыз бар екенін немесе өміріңіздегі мән-жайлардың өзгергенін көрсете алатын қосымша немесе жаңа ақпаратсыз қайтадан өтініш беруге кеңес бермейміз.

Егер сізге виза беруден бас тартылса, консулдық алым қайтарылмайды.
 
Иммиграция және азаматтық туралы заңның 214(b) тармағына сәйкес виза беруден бас тарту туралы қосымша ақпаратты Мемлекеттік департамент веб-сайтындағы Виза беруден бас тарту бөлімінен қараңыз.