Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Сұхбат

Виза үшін сұхбат алудың мақсаты

Америка Құрама Штаттарының иммиграция туралы заңы виза алуға өтініш берушіні оның көшуге ниеті жоқ екенін дәлелдеуге міндеттейді. Басқаша айтқанда, иммигранттық емес визаға өтініш беруші Консулдық қызметкеріне өзінің АҚШ-қа біржолата өмір сүру үшін бара жатпағанын жеткілікті дәлелдеуі керек. Әр өтініш беруші АҚШ-қа уақытша бара жатқанын және өз еліне қайтып келуіне мәжбүрлейтін нық байланысы бар екенін көрсетуі керек. Әрбір нақты істің жағдайларына сүйене отырып өтініш берушіге құқық берілу-берілмеуін анықтау АҚШ Елшіліктері мен Консулдықтарындағы консулдық қызметкерлерге тәуелді.

Әр адамның жағдайы әртүрлі болатындықтан, бірдей түрлі виза алуға өтініш берген кісілерге әртүрлі сұрақтар қойылып, олардан басқа құжаттар ұсынуы талап етілуі мүмкін. Әр кісінің жағдайының бағалануына қарай, консулдық қызметкерлер қосымша ақпарат немесе құжаттар сұрауы мүмкін.

Сұхбат болған күні жылдам әрі нақты болыңыз. Елшілікке/Бас консулдыққа белгіленген уақытта келіңіз. Кездесу уақытынан кешігіп қалсаңыз, жаңа кездесу белгілеуіңіз керек болады.

Мәліметтерді қасақана бұрмалап беру арқылы немесе алаяқтық жолмен виза алу әрекеті Америка Құрама Штаттарына кіру үшін виза немесе рұқсат беруден біржолата бас тартылуға себеп болуы мүмкін.

Астанадағы сұхбат алынатын жер

Консулдық кеңсесінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы 010010,
«Ақбұлақ-4» шағын ауданы, 23-22 көше,
№ 3 ғимарат

Әуежай

Астана әуежайынан: Қабанбай батыр көшесінен 22-көшеге қарай жүріңіз. 22-көшеге жеткенде оңға бұрылыңыз. Сол жақта АҚШ Елшілігінің бас кіретін есігінен өтіп кеткенше 22-көшенің бойымен жүре беріңіз. Манас көшесіне жеткенде солға бұрыңыз. Консулдық бөлімнің кіретін есігі Манас көшесінде орналасқан.

Теміржол вокзалы

Астана теміржол вокзалынан: Біржан сал көшесінен Жангелдин көшесіне дейін жүріңіз. Жангелдин көшесіне жеткенде оңға бұрылыңыз. Жангелдин көшесінің бойымен Сарыарқа көшесіне дейін жүріңіз. Сарыарқа көшесіне жеткенде солға бұрылыңыз. 22-көшеге жеткенде оңға бұрылыңыз. Сол жақта АҚШ Елшілігінің бас кіретін есігінен өтіп кеткенше 22-көшенің бойымен жүре беріңіз. Манас көшесіне жеткенде солға бұрыңыз. Консулдық бөлімнің кіретін есігі Манас көшесінде орналасқан.

Қабанбай батыр мен Республика даңғылының қиылысы

Қабанбай батыр көшесі мен Республика даңғылының қиылысынан: Республика (Тәшенов) даңғылының бойымен Манас көшесіне дейін жүріңіз. Манас көшесіне жеткенде оңға бұрылыңыз. АҚШ Елшілігінің консулдық бөліміне кіретін есік Момышұлы көшесінің қиылысынан кейін орналасқан.

Алматыдағы сұхбат алынатын жер

Консулдық кеңсесінің орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050059,
«Самал-2» шағын ауданы, Жолдасбеков көшесі, 97

Ғимаратқа A2 есігі арқылы кірсеңіз, сізді Консулдық бөлімге дейін ертіп апарады. Құжаттарыңызды №1 терезеге тапсырып, орындыққа жайғасыңыз.

Сұхбатқа әкелінетін заттар

  • Төлқұжат
  • Жеке куәлігіңізді немесе кез келген басқа фотосуретіңіз бар жеке басты куәландыратын құжатыңызды әкеліңіз
  • DS-160 Confirmation Page растау парағы
  • Confirmation ID сұхбатқа жазылғаныңыздың растауы (кездесу белгіленгеннен кейін жасалады)
  • Банк түбіртегі (түпнұсқа мен бір көшірмесі)
  • Қосымша құжаттар

Консулдық бөлімде қанша уақыт жүруіңіз мүмкін

Әр адамның жағдайы әртүрлі және сондықтан оларға әртүрлі уақыт кетуі мүмкін. Дегенмен, Елшілікте шамамен екі сағат жүретініңізді күткеніңіз абзал.

Балалардан сұхбат алу
 
Төмендегі талаптардың барлығы орындалған жағдайда 14 жасқа толмаған балалардың сұхбатқа келуі міндетті емес: 

    1) Бала АҚШ-қа өзінің тікелей туыстарымен (әке-шешесімен немесе ата-әжесімен) бара жатса;
    2) Баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы ұсынылса;
    3) Баламен бірге баратын туыста жарамды АҚШ визасы бар болса; және
    4) Бала өзінің төлқұжатын ұсынса.

17 жасқа толмаған балалар бір ересекпен бірге келуіне болады.

Елшілікке әкелуге болмайтын заттар

Мына заттарды әкелуге тыйым салынады:

  • Ұялы телефондар, компьютерлер, радиолар немесе қалта компьютерлері сияқты электрондық заттар
  • Аэрозоль баллондары мен парфюмериялық құтылар
  • Кез келген қару-жарақ (соның ішінде пышақ-бәкілер)
  • Камералар
  • Түсіру-жазу құрылғылары

Елшіліктің виза күту бөлмесіне өтініш берушінің жанында ешкім болмауы керек екенін ескеріңіз. Бұған американ азаматтары, жұбайлары, адвокаттары, демеушілері, достары мен отбасы мүшелері де кіреді. Осылайша, бұл кісілер бергісі келетін кез келген ақпарат өтініш материалдарымен бірге берілуі немесе сұхбат кезінде Консулдық қызметкеріне тапсыру үшін өтініш берушіден беріп жіберілуі тиіс. Түсінгеніңіз үшін рақмет.