Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Алмасу бағдарламалары

Жалпы мағлұмат

Мәдени және білім беру бағдарламалары

Мәдени және білім беру бағдарламалары АҚШ-да жоғары сынып шәкірттерінен бастап тәжірибелі мамандарға дейін барлық аудиенцияларды қамтиды. Білім беру жөніндегі кеңес орталықтарымен бірлесіп, АҚШ-ның Білім беру және Қоғамдық Байланыс бөлімі шәкірт алмасу және басқа да АҚШ-да оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынады.

Құрама Штаттарының мәдени бағдарламалары Қазақстанда ұдайы жоспарланып отырады. Қосымша ақпарат үшін Қоғамдық Байланыс бөліміне хабарласыңыз: info@usembassy.kz.

Ақпараттық Ресурс Орталығы (IRC)

Ақпараттық ресурс орталығы cізге Құрама Штаттарының мемлекеттік саясаты мен құрылымы, экономикасы мен тарихы, мәдениеті мен қауымы туралы деректер табуға көмектеседі. Ақпараттық ресурстар негізгі анықтамалық ақпаратпен қатар арнайы мемлекеттік құжаттар, заңнамалар және Америка газет-жорналдардың түр-түрін ұсынады. IRC Американың кітапханалық қауымдастығына және федералды үкіметіне кіретін ақпараттық орталықтар желісінің бір бөлігі болып табылады.

IRC –ді Қазақстандағы АҚШ туралы мәліметтердің ең бірінші қайнар көзі деп санаңыз.