Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Түлектерге арналған бағдарламалар және түлектермен байланыс үзбеу

Түлектік Грант бағдарламасы – Қазақстандағы АҚШ Елшілігі

АҚШ Елшілшігінің Қоғамдық Байланыс Бөлімі Аламни Грантс бағдарламасына өтініштерді қабылдайды. Бұл бағдарлама мақсатында — алдыңғы түлектер мен олардың әріптестеріне олардың алмасу бағдарламаларында сіңірген концепцияларын енгізу, тарату және әрі қарайғы кәсіби жетілу мақсатында өзара байланыста болуға мүмкіндігін береді.

Гранттарды төмендегі мақсатта қолдануға болады:

  • Мемлекеттік немесе қоғамдық қызмет бағдарламасының бастамасы ретінде;
  • Түлектер қауымдастығының жобалары мен іс-шараларын қолдау үшін;
  • Кәсіби әріптестерді немесе басқа түлектерді дайындау бағдарламары мен конференцияларды ұйымдастыру үшін;
  • Түлектер орталығын қолдау, немесе түлектер қауымдастығының стартап шығындарын өтеу;
  • Түлектеріміздің көшбасшылық дағдыларын, тәлімгерлік бағдарламаларын және кәсіби біліктілігін жетілдіруді көздейтін желілік іс-шараларын қолдау;
  • Түлектеріміздің аймақ ішінде өтетені нәтижелерге бағытталған конференциялардың сапар ақысы; Ең көбі 50% АҚШ–дағы конференцияларға қатысуға түлектердің халықаралық сапарларының шығыны (көлік пен баспана ғана);
  • АҚШ-ның Мемлекеттік Көмек мақсатындағы тақырыптарды қамтитын, айқын нәтиже мен шынайылығын көрсеткен оқу құралдарына, брошюралар, памфлеттер немесе қатысты әдебиет не білім-таным материалдарына;
  • Демкоратиялық және экономикалық реформа бастамаларын қолдайтын басқа жобаларға.

Өкілеттілік: Тек АҚШ мемлекеті демеу білдірген алмасу бағдарламаларының түлектері ғана бұл бағдарламаға  қатысуға құқылы. Шектеулі қаржылық қорды ескере отырып, және түлектерді неғұрлым кеңінен қамту үшін, алдыңғы грант иелеріне үш –жылдық өкілетсіздік ережесі қолданылады.

Барлық грант иелері жобаларының нәтижелерімен қауыммен бөлісу үшін State Alumni Вебсайтын  қолдануын сұраймыз.

Қаржы көлемі

Жеке тұлғаларға 3,000 АҚШ доллары және түлектер ұйымдарына 5,000 АҚШ доллары қарастырылған. Қаржыландыруды қабылдасаңыз, сізден егжей-тегжейлі бағдарлама мен жоба нәтижесінің қаржылық есебі талап етіледі.

АЯҚТАЛУ МЕРЗІМІ: 2012 ж. ақпанның 10-ы, жұмыс күнінің аяғы

ҚАЙДА ТАПСЫРУ КЕРЕК

Алия Пистаева
Түлектік Бағдарламалар Үйлестірушісі
Қоғамдық Байланыс Бөлімі
Қазақстандағы АҚШ Елшілігі

Тел: (7172) 70-23-15
Факс: (7172) 70-23-88
PistayevaAA@state.gov