Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Қазақстандағы Бейбітшілік корпусы

Қазақстандағы Бейбітшілік корпусы туралы

АҚШ Бейбітшілік корпусы мен оның миссиясы 1960 жылдан бастау алады. Сол кезде сенатор Джон Ф. Кеннеди дамушы елдерде тұру және жұмыс істеу арқылы елдің бейбітшілік орнату ісі үшін қызмет етуге Мичиган университетінің студенттеріне үндеу тастаған болатын. Сол бастаманың өрісі кеңейіп, бертін келе федералдық үкіметтің әлемдегі бейбітшілік пен достыққа арналған агенттігіне айналды. Бейбітшілік корпусы 1961 жылы ресми түрде құрылғаннан бері 200 мыңнан астам американдық әлемнің 139 елінде Бейбітшілік корпусының еріктілері ретінде қызмет етті.

Бейбітшілік корпусының миссиясы үш қарапайым мақсатты қамтиды:

  1. Қызығушылық танытқан елдердегі халықтың білікті кадрларға деген сұранысын қанағаттандыруға көмектесу.
  2. Бейбітшілік корпусымен жұмыс істейтін кісілердің американдықтарды жақсырақ түсінуіне көмектесу.
  3. Американдықтардың басқа халықтарды жақсырақ түсінуіне көмектесу


Қазақстандағы Бейбітшілік корпусы бағдарламасы 1992 жылдың 22 желтоқсанында Қазақстан Республикасы мен АҚШ Бейбітшілік корпусы Вашингтонда келісімге қол қойған кезде өз қызметін бастаған болатын. Қазақстан үкіметі бастапқыда Бейбітшілік корпусын ағылшын тілін үйрету мен шағын бизнесті дамыту салаларында жұмыс істеуге шақырып, Бейбітшілік корпусының алғашқы 50 еріктісі Қазақстанға 1993 жылдың маусым айында келді. 1994 жылы Экология және биоресурстар министрлігі Бейбітшілік корпусын қоршаған ортаны қорғау бағдарламасын бастауға шақырды, ал 1996 жылы Білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау бағдарламасындағы еріктілерді шақырды.

2011 жылдың қараша айында Бейбітшілік корпусының Қазақстандағы миссиясы өз жұмысын аяқтады. Бейбітшілік корпусы Қазақстанда жұмыс істеген 18 жыл бойы бұл жерде шамамен 1 120 американдық қызмет етіп, қазақстандықтарға білім беру, жастарды дамыту, ВИЧ/СПИД және қоғамға пайдалы қызметке бағытталған алуан түрлі жобаларда жәрдемдесті. Олардың қосқан оң үлесі Қазақстан тұрғындарының жүректерінде өшпес із қалдырып, олардың атқарған жұмыстарының нәтижесінде тұрмыс сапасы мен олармен жұмыс істеп, сөйлескен қазақстандықтардың ағылшынша сөйлеу деңгейі жақсарып қалды.