Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Құпиялық

Жеке ақпараттың құпиялығы

Біздің сайтқа кіргеніңізде өзіңіз бөлісуге шешім қабылдамайынша, сіз туралы ақпарат жинамаймыз. Біздің веб-сайтқа жеке басыңыз туралы ақпарат беру өз құзырыңыздағы шаруа, дегенмен, бұлай ету арқылы сіз ол ақпараттың көрсетілген мақсатқа пайдаланылуымен келістіңіз деген сөз. Егер белгілі бір ақпаратты бермеуге ұйғарсаңыз, онда бұл біздің сіз қалаған қызмет түрлерін көрсетуімізге кедергі жасауы ықтимал. Егер сіз Мемлекеттік депаратаменттің веб-сайтында веб формаларды толтыру немесе электрондық пошта жіберу арқылы жеке басыңыздың ақпаратымен бөліссеңіз онда біз сіз сұраған ақпаратты беруге не қызмет түрін көрсетуге мүмкіндік аламыз және сізге хат арқылы жауап беруімізге болады. Сайтты ашқанда қандай әрекет жасағаныңызға қарай бізге келетін ақпарат түрі де әркелкі болуы мүмкін.     

Біз сіз Интернетке кірген доменнің атын (.com, .edu, т.б.), біздің сайтқа кірген күніңіз бен уақытыңызды және біздің сайтқа сілтеме берген үшінші бір сайттың (мәселен біздің сайтты тауып берген іздеу жүйесі) Интернеттегі мекен-жайын  автоматты түрде жинап, сақтап отырамыз. Бұл ақпаратты сайттың түрлі беттеріне кірген адамдардың санын білу үшін пайдаланамыз, бұл сіз сияқты оқырмандарымыз үшін сайтты неғұрлым пайдалы ете түсуімізге мүмкіндік береді.

Егер сіз бізге е-мейл жіберсеңіз

Сіз бізге сауал тастап не пікір сұрап е-мейл арқылы хат жолдай аласыз. Бұл ақпаратты біз сізге қызмет көрсету не сіздің өтінішіңізді орындау мақсатында пайдаланамыз. Кей кездері біз сіздің электронды хатыңызды АҚШ үкіметінің өтінішіңізге жақсы жауап береді-ау деген жекелеген ведомстволарына жөнелтеміз. Құқық қорғау органдарының заң жүзіндегі тергеуі кезінде болмаса, басқа жағдайларда электронды хат-хабарларымызды тысқары мекемелермен бөліспейміз.

Үшінші веб-сайттар мен қосымшалар

Біз әлеуметтік желілерге және басқа да үшінші тарап веб-сайттарына сілтеме беруіміз мүмкін. Әлеуметтік желілерді біз шетелдік оқырмандармен байланысу және дүние жүзі халқымен қоғамдық дипломатияны қолдап отыру мақсатына пайдаланамыз. Сонымен қатар әлеуметтік желі веб-сайттары елшіліктегі шаралар туралы ақпаратты жеткізуге, халық өкілдерімен байланысуға мүмкіндік береді. Кейбір жағдайларда үшінші тарап сайттары сіздің парақшаңызды тіркеу мақсатында сізден электронды поштаңызды, тіркелгі есімізіңіз бен кілтсөзді және тұратын географиялық аймағыңызды көрсетуді сұрауы мүмкін. Біз жекелеген адамдардың құпия ақпараттарын анықтау және жинау мақсатында үшінші  тарап веб-сайттарын пайдаланбаймыз. Біз қандай да бір үшінші тарап веб-сайты жинаған ақпаратты жинап, сақтамаймыз және біздің сайтта алынған ақпаратты құқық қорғау органдарының заңды талабы болмайынша Мемлекеттік департаменттен басқа мекемелердің ешқайсысына бермейміз және сатпаймыз.  

Біз кездейсоқ оқырмандардың пікірі мен көзқарасын білу үшін онлайн сауалнамалар жүргізуіміз мүмкін. Мемлекеттік департамент көбінесе  сайтқа кірушілердің ой-пікірін білу үшін «Америкадағы Тұтынушылар қанағаттануы индексінің» (American Customer Satisfaction Index - ACSI) ForeSee Results нәтижелерін пайдаланады. Бұл сауалнамаларда жеке бастың құпия ақпараттары сұралмайды. Сауалнамаға жауап беру туралы хабарлама кездейсоқ оқырманға жылт етіп көрінеді, ол сізге таңдау еркіндігін береді және барлық елшіліктердің сайттарында сауалнама бола бермейді. Сіз сауалнамаға жауап беруден бас тартқан күннің өзінде сайттағы барлық ақпараттар мен ресурстарды аша аласыз, сауалнамаға жауап берген адаммен мүмкіндігіңіз бірдей болады. Сауалнама нәтижелері веб-сайттың менеджерлеріне және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында осы ақпаратты қажет ететін қызметкерлерге ғана белгілі болады. Біз белгілі бір мақсаттарға қысқа мерзімді сауалнамаларды пайдалануымыз мүмкін, оның мақсаттары сайтта жарияланады.  

Бақылау және баптау мақсатында ақпарат жинау (Куки)

Куки (cookie) – веб-сайт сіздің комьютеріңізге жіберетін шағын мәтіндік файл, ол сіздің компьютеріңіздің сол сессия туралы белгілі бір ақпаратты сақтауына мүмкіндік береді. Компьютеріңіз тек сол қызмет түрін ұсынған сайтпен ғана кукидегі ақпаратты бөліседі, басқа ешбір сайт оны сұрата алмайды. Кукидің екі түрі болады:

  • Сессия: Сессия кукиі сіздің веб-браузеріңіз ашық тұрғанда ғана сақталып тұрады. Браузерді жапқан соң куки жадынан өшіріледі. Веб-сайттар сессия кукиін веб-сайттың ішінде беттерді іздеу жүйесін жақсарту немесе сайтты ашқан кезде өзіңізге ұнайтын баптауларды сақтау сияқты техникалық мақсаттарға пайдалана алады.
  • Тұрақты: Тұрақты кукилер қолданушының қатқыл дискінде сақталады, ол бұл сайтқа қай қолданушы жаңадан кірді, қайсысы бұрыннан кіріп жүр немесе көптен кірмей кетті дегендерді анықтау үшін және ForeSee сауалнамасына қатысу туралы ұсынысты қайта шығармау мақсатында пайдаланылады.

Егер сіз сессия не тұрақты кукилер компьютеріңізде сақталып қалғанын қаламасаңыз, браузеріңіздегі «кукилерді өшір» баптамасын қоссаңыз болады. Кукиді өшіргеннің күннің өзінде біздің веб-сайттағы барлық ақпараттар мен ресурстарды аша аласыз. Дегенмен, кукилерді өшіру кейбір веб-сайттардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Браузеріңіздегі кукиді өшіру арқылы сіз өзіңіз кіретін басқа веб-сайттардағы кукилерді де өшіретініңізді ескертеміз.

Сыртқы веб-сайттарға сілтеме

Біздің веб-сайтта АҚШ-тың басқа да ведомстволарына, елшіліктерге, көпжақты ұйымдарға және АҚШ-тың аумағындағы және шетелдегі басқа да жекеменшік ұйымдарға сілтемелер болуы мүмкін. Сілтеме арқылы басқа сайтқа кірген сәттен бастап сіз біздің сайттан шыққан болып саналасыз және онда сол сайттың жеке құпия ақпаратты жарияламау саясаты жұмыс істейтін болады.

Нақты әрі толыққанды ақпарат беруге бар күш салынады. Дегенмен, біз қателіктердің болмайтынына кепілдік бермейміз. Осы веб-сайттағы құжаттар мен ақпараттарға құрметпен қарай отырып, елшілік те, оның қызметкерлері де не келісім-шартпен жұмыс істеуші мердігерлер де бұл сайттағы ақпараттардың белгілі бір мақсатқа сәйкес келетініне және қолдануға жарамдылығына кепілдік бермейді.  Бұған қоса елшілік бұл сайттағы ақпараттың, өнімнің не процестің дұрыстығы мен толыққандылығына, пайдалануға жарамдылығына және оның тұтынушы құқығына әсер етпейтініне кепілдік бермейді.

Сайттың қауіпсіздігі үшін және барлық тұтынушыларға үздіксіз қызмет  көрсету мақсатында Мемлекеттік департамент ғаламтор трафигін бақылайтын арнайы бағдарламаларды қолданып, заңсыз түрде ақпарат жүктеу немесе сайттағы ақпаратты  өзгерту не басқа амалдармен зиян келтіру әрекеттерін бақылап отырады.  Заңсыз түрде ақпарат жүктеуге,  сайттағы ақпаратты өзгертуге қатаң тыйым салынған және ол АҚШ-тың №1986 Компьютерлік алаяқтық және заңсыздық туралы заңы бойынша жазаланады.  Ақпарат құқық қорғау органдарының рұқсат етілген тергеулері үшін пайдаланылуы мүмкін. Жоғарыда аталғаннан басқа жағдайларда жекелеген қолданушылардың аты-жөндері және олардың қолдану ерекшеліктері жарияланбайды. Бұл веб-сайттарға заңсыз түрде ақпарат жүктеу немесе/және ақпаратты өзгерту әрекеттеріне қатаң тыйым салынған және ол  АҚШ-тың №1986 Компьютерлік алаяқтық және заңсыздық туралы заңының 1001 және 1030 бөліктері бойынша жазаланады.