Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Америка Құрама Штаттары мен аумағы

Штаттар мен округтер

AL - Алабама
AK - Аляска
AZ - Аризона
AR - Арканзас
CA - Калифорния
CO - Колорадо
CT - Коннектикут
DE - Делавер
FL - Флорида
GA - Джорджия
HI - Гавайи
ID - Айдахо
IL - Иллинойс
IN - Индиана
IA - Айова
KS - Канзас
KY - Кентукки
LA - Луизиана
ME - Мэн
MD - Мериленд
MA - Массачусетс
MI - Мичиган
MN - Миннесота
MS - Миссиссиппи
MO - Мисури
MT - Монтана
NE - Небраска
NV - Невада
NH – Нью-Гемпшир
NJ – Нью-Джерси
NM – Нью-Мексико
NY – Нью-Йорк
NC – Солтүстік Каролина
ND – Солтүстік Дакота
OH - Огайо
OK -  Оклахома
OR - Орегон
PA - Пенсильвания
RI – Род-Айленд
SC – Оңтүстік Каролина
SD - Оңтүстік Дакота
TN - Теннесси
TX - Техас
UT - Юта
VT - Вермонт
VA - Вирджиния
WA - Вашингтон
WV – Батыс Вирджиния
WI - Висконсин
WY - Вайоминг
* DC - Вашингтон

Аумақтар

Американдық Самоа                          Джонстон атоллы
Гуам                                                    Кингман рифі
Солтүстік Мариана аралдары           Мидвей аралдары
Пуэрто-Рико                                      Навасса аралы
Виргин аралдары                               Пальмира атоллы
Бейкер аралы, Хауленд аралы,
Джарвис аралы                                  Уэйк аралы

Американдық мемлекеттік басқару жүйесінің басты ерекшелігі Конституция бойынша құрылға федералдық құрылыс болып табылады. АҚШ-та 50 (елу) штат пен ел астанасы Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералдық округі бар. Елдің құрамына соңғы болып Аляска (49-шы) мен Гавайи (50-ші) кірді. Екеуі де 1959 жылы қосылды.

Вашингтон – АҚШ Конгресіне бағынышты федералдық округ. Пуэрто-Рико – АҚШ-пен байланысты ел. Басқа тәуелсіз аймақтарға Американдық Самоа, Бейкер аралы, Гуам, Хауленд аралы, Джарвис аралы, Джонстон атоллы, Кингман рифі, Мидвей аралдары, Навасса аралы, Пальмира атоллы, Виргин аралдары мен Уэйк аралы жатады. 1947 жылдың 18 шілдесінен бастап 1994 жылдың 1 қазанына дейін АҚШ қамқорлыққа алынған Тынық Мұхит аралдарын басқарып келді, бірақ кейіннен төрт саяси бірліктің барлығымен жаңа саяси қарым-қатынас орнатты: Солтүстік Мариана аралдары АҚШ-пен саяси одақтас елге айналды (1986 жылдың 3 қарашасынан бастап); Палау АҚШ-пен Еркін қауымдастық туралы келісім жасасты (1994 жылдың 1 қазанынан бастап); Микронезия Федеративті Штаттары АҚШ-пен Еркін қауымдастық туралы келісімге қол қойды (1986 жылғы 3 қарашадан бастап); Маршалл Аралдары Республикасы АҚШ-пен Еркін қауымдастық туралы келісімге қол қойды (1986 жылдың 21 қазанынан бастап).

Жалпы, толығымен штаттың шекаралары ішіндегі мәселелерді тек штат үкіметтері қарайды. Оларға ішкі байланыстар, меншік, өнеркәсіп, кәсіпкерлік және коммуналдық қызметтерге қатысты мәселелерді реттеу, штаттың қылмыстық кодексі және штаттағы еңбек жағдайлары кіреді. Штаттық пен федералдық юрисдикциялар көп салаларда бір-біріне сәйкес келіп жатады. Соңғы жылдары федералдық үкімет денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, көлік, тұрғын үй құрылысы мен қаланы дамыту сияқты мәселелер бойынша кеңірек ауқымды жауапкершілікті өз мойнына алды. Әртүрлі штаттардың конституцияларының егжей-тегжейлері басқалардікіне ұқсамайды, бірақ жалпы алғанда, фежералдық Конституцияның, соның ішінде адамдардың құқықтары туралы мәлімдеме және үкіметті ұйымдастыру туралы жоспар үлгісі бойынша жасалады. Кәсіпорындарды, банктерді, коммуналдық кәсіпорындарды және қайырымдылық мекемелерін басқару сияқты мәселелер штат конституцияларында федералдық Конституцияға қарағанда егжей-тегжейлі етіп беріледі.

Үкімет

Анықтамалық ақпарат

Статистика

Балалар үшін

Мұғалімдерге арналған ресурстар