Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Визалар

Иммигранттық визалар

Иммигранттық виза, Америка Құрама Штаттарында жұмыс істеу жоспарында бар-жоғына қарамастан, Америка Құрама Штаттарына тұрақты тұру үшін кіргісі келетін кез келген адамға қажет. АҚШ Елшілігінің Алматы қаласындағы Консулдық бөлімі Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарына виза рәсімдейді.

Жалпы санаттар

АҚШ иммиграция туралы заңында иммигранттық визалар беру үшін төрт жалпы санат қарастырылған:

  • Отбасылық иммиграция: АҚШ азаматының жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы, бауыры және АҚШ-тың заңды тұрақты резидентінің жұбайы, ата-анасы, 21 жасқа толмаған баласы, 21 жасқа толған ұлы/қызы;
  • Жұмыс иммиграциясы: белгілі бір жұмысқа алу критерийлеріне сай жұмысшылар;
  • Әртүрлі ұлттарға арналған виза бағдарламасы бойынша иммиграция: «Грин кард» лотереясы деген атпен де белгілі;
  • Күйеу/қалыңдық: АҚШ-қа некеге тұру үшін кіруге берілетін виза.

Әртүрлі виза санаттары туралы толығырақ ақпарат алу үшін, АҚШ Мемлекеттік департаментінің сайтына немесе АҚШ Азаматтық және иммиграция қызметінің (USCIS) сайтына кіріңіз.

Егер Алматыда қаралатын босқын мәртебесін алу туралы ісіңіз болса, АҚШ Бас Консулдығының консулдық бөліміне usakz@state.gov электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз