Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Ағылшын тілі бағдарламаларының аймақтық кеңсесі

Аймақтық ағылшын тілі кеңсесі

Орта Азия аймақтық ағылшын тілі кеңсесі АҚШ елшілігінде, Астанада орналасып, Орта Азияның бес мемлекетіне қызмет етеді: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан және Тәжікстан.

Қазақстанда және аймақтың басқа елдерінде ағылшын тілі маманы мен жергілікті ағылшын тілі бағдарлама үйлестірушілері ағылшын тілі бойынша АҚШ-ның мемлекеттік бағдарламаларына қатысты ақпарат беріп, ағылшын тілі мұғалімдеріне дайындық орындары мен арнайы тренингтер өткізеді және ағылшын тілі мұғалімдерінің ұйымдарына қолдау көрсете алады.

Жүктеп алыңыз: АстанаBookmark (PDF, 607KB)

Аймақтық ағылшын тілі кеңсесінің бағдарламалары

Инглиш Ленгуидж Фелоус (Ағылшын Тілі Әріптестік) бағдарламасы
 
Дүние жүзі бойынша EL Fellows (Ағылшын Тілі Әріптестері) бағдарламасын АҚШ сыртқы істер департаментінің Білім және Мәдениет бөлімі қаржыландырады. Бағдарламаны Джорджтаун Университетінің Мәдениетаралық Білім беру және Дамыту орталығы жүргізеді. Америкалық Ағылшын Тілін үйретуші мамандар қабылдаушы елдің университеттерімен, білім министрліктерімен және басқа мекемелерімен он айлық шәкірт алмасу шараларына қатысып тұрады. Олар өзінің тәжірибесімен алмасып, қауымдастыққа ортақтасып, өзінің оқыту әдістерін жетілдіріп, басқа елдер мәдениеті жайында білім алады. EL Fellow (Ағылшын Тілі Әріптестері) TESOL (Ағылшын Тілін басқа тілді шәкірттерге үйрету) тәсілдерін жасақтап, Ағылшын Тілі ұстаздары мен шәкірттердің тіл үйренуге жауапкершілікпен қарап, зейін қойып айналысуына көмектесетін сыныптық тәжірибелер ұйымдастырады. Орта есеппен, 140 Ағылшын Тілі Әріптестері бұл бағдарламаға 80-нен астам елдерде қатысады. Ағылшын Тілі Әріптестерінің алдыңғы жобаларына, мәселен: Сыныпта Үйрету, Ұстаз Дайындау, Қызмет үстінде және Қызметке түсу алдында Оқыту, Оқыту Жоспарын Жетілдіру, Секция мен Семинарлады Жобалау, Бағдарламаны Бағалау, Қажеттіліктерді Бағалау, Тестілеу, және Арнайы Мақсаттар үшін Ағылшын Тілін Оқыту кіреді.

Қазіргі кезде Ағылшын Тілі Әріптестері бағдарламасы бойынша біз 2012-2013 жылға ұсыныстар қабылдаймыз. Мына жерден қажетті толтыру формасын жүктеп алуыңызға болады.

Ағылшын Тілі Маманы бағдарламасы

Ағылшын Тілі Маманы бағдарламасына АҚШ сыртқы істер департаменті сырт елдердерде мерзімі екі аптадан 4 айға дейін созылатын бағдарламаларды жүргізуге Ағылшын Тілін Шет Тілі ретінде үйрету (TEFL) және Ағылшын Тілін Басқа Тілділерге үйрету саласындағы АҚШ академиктері мен мамандарын жалдайды. Жоба тақырыптарына Оқыту Жоспарын Дайындау және Бағалау, Ұстаз Дайындау, Оқу Құралдарын жетілдіру, немесе Арнайы Мақсаттарға арналған Ағылшын Тілі кіреді. Кей жағдайларда, кеңесшілерге дәріс беру үшін сандық видео конференциялар мен вебинарлар (онлайн семинарлар) қолданылады. Ағылшын Тілі Бағдарламаларының Кеңсесі мамандардың қаламақысы мен жолақысын көтереді, алайда мамандардың баспанасы мен тамақтану ақысын қабылдаушы мекеме және/немесе АҚШ елшілігі қаржыландыруы тиіс.

Егер сіздің мекемеңіз ағылшын тілі маманын қабылдауға қызығушылық білдірсе, сіз жергілікті Ағылшын Тілі Кеңсесіне (RELO) жыл он екі ай ішінде хабарласа аласыз.

«Е-тичер» (Онлайн Ұстаз) стипендиялық бағдарламасы
 
Е-тичер стипендиялық бағдарламасы ағылшын тілі мамандарына АҚШ-нан сырттай , 7 инновациялық онлайн оқу түлектерінің деңгейінде Мэриленд Университеті, Балтимор аймағы және Орегон Университеті арқылы сабақ алуға мүмкіндік береді. Бұл курстар TEFL (ағылшын тілін шет тілі ретінде оқыту) академиялық мамандықтарының басты салаларының қыр-сырларымен таныстырады.

Қазір ұсынылатын курстар: Ағылшын тілін оқыту (EFL) жоспарындағы сыни талдау; Ағылшын тілін бағалау; Жас шәкірттерге ағылшын тілін үйрету; интерактивті желі арқылы оқыту дағдыларын қалыптастыру; Арнайы мақсаттар үшін ағылшын тілі; Әдістемелік курс І: Үздік TESOL (ағылшын тілін басқа тілділерге оқыту) тәжірибелеріне шолу; Әдістемелік курс II: Жобалар арқылы ағылшын тіліндегі сауаттылықты дамыту. TEFL-дің басты 7 саласында да арнайы білімге қоса, қатысушылар ең жаңа әдіс-тәсілдер мен айла-амалдарынан хабардар болып, алыстан білім алудың инновациялық бағдарламасына қатысып, соңғы заманауи технологиялармен танысады және АҚШ эксперттеріне тікелей байланысқа шығу мүмкіндігіне ие болады.
 
«Е-тичер» стипендиялық бағдарламасына қатысуға шақыру 2011 жылы ерте жазда жария болады. Осыған қатысты барлық мағлұматты осы сайттан таба аласыз. 

Инглиш Аксес микростипендиялық бағдарламасы

Инглиш Аксес микростипендиялық бағдарламасы дарынды жасөспірімдерге мектептен кейін/демалыс күндері қарқынды түрде ағылшын тіліне дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бағдарлама қатысушыларға АҚШ мәдениеті мен демократиялық құндылықтарымен танысуына, өз елінің әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысуына және басқа білім алу және алмасу бағдарламаларына өту мүмкіндігін арттырады. «Аксес» екі жылдық бағдарлама. Ол жылына кемінде 180 сағат сабақтан тұрады. Таңдаулы қатысушылар — зерек, экономикалық әл ауқаты нашар 14-тен 18 жасқа дейінгі шәкірттер. Сонау 2004 жылы құрылғанынан бері, 70-тен астам елден шамамен 55 000 шәкірт Access бағдарламасына қатысты.

Access микростипендиялық бағдарламасына өтініштер қабылдау 2011 жылы жаз ортасында жария болады. Институттар мен мекемелер провайдер (қабылдаушы) болуға қызығушылық танытқан жағдайда осы сайтта орналасқан ұсыныс парақтарын толтыруы тиіс.

АҚШ Ағылшын Тілі бағдарламалары жайлы ақпаратты мына жерден де қарай аласыз: http://www.englishбағдарламасыs.state.gov

Аймақтық Ағылшын Тілі Кеңсесінің Құралдары

Ағылшын Тілін Үйрету Форумы

Ағылшын Тілін Үйрету Форумы — 1962 жылдан бері тоқсан сайын мұғалімдердің мұғалімдерге арнап жазып, Ағылшын Тілінің Кеңсесі арқылы таратылып отыратын журнал. Соңғы және алдыңғы басылымдарын мына сілтеме бойынша көруге болады: http://exchanges.state.gov/englishteaching/forum-journal.html

Ағылшын Тілі Форумы мұғалімдер мен ұстаздардың, бағдарлама басшыларының бұрын соңды жарық көрмеген ағылшын тілін оқытуға қатысты түрлі тақырыптағы мақалаларын қабылдайды. Мақала бергіңіз келсе, оның дұрыс жолын мына сілтеме бойынша қарай аласыз: http://exchanges.state.gov/englishteaching/forum-journal.html#tabs-2

Электрондық Журналдар

Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған электрондық журналдарды мұнда қарай аласыз: http://exchanges.state.gov/englishteaching/
resforteach/ejournals.html

Бұл материалдарда дайын орташа деңгейдегі шәкірттерге арналған сабақ жоспарлары бар. «Language and Civil Society» («Тіл және азаматтық қоғам» –ауд.) журналы азаматтық білім беру, қоршаған орта жайлы білім беру, бейбітшілік, және кәсіби әдептілік туралы тақырыптарды қам тиды. «Language and Life Sciences» (Тіл және Тіршілік ілімдері) адам геномын сызбалау, гендік зерттеулердің таласты мәселелрі, биотехнологиялар мен биоинженерия, келешектің дәрі-дәрмектері сияқты тақырыптарды қамтиды. Әрбір бөлімде тарихи мағлұматтар, сыныптық дайын амалдар, оған қатысты құралдар мен дереккөздер тізімі беріледі.

Байланыс ақпараттары:

Тел.: + 7 7172 70 23 11; + 7 7172 70 21 17
Факс: + 7 7172 70 23 88
Электронды пошта: RELO-Астана@state.gov
Мекен-жайы: 010010, 22-23 көше, Ақ Бұлақ 4,
АҚШ елшілігі, Астана, Қазақстан

Adobe Reader

  • Тегін жүктеу
    Тегін жүктеу

    Осы беттегі жүктелетін барлық құжаттар PDF-форматында ұсынылған. PDF құжаттарын шолу үшін сізге Adobe Acrobat Reader-дің көшірмесі қажет. Жоғарыда көрсетілген сілтемеге шертіп, тегін нұсқасын жүктеп ала аласыз.