Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Елші Кеннет Фэйрфакс
 
Елші Кеннет Дж. Фэйрфакс (Астанадағы АҚШ Елшілігінің суреті)

Елші Кеннет Дж. Фэйрфакс

Кеннет Дж. Фэйрфакс – жоғарғы дипломатиялық қызметтің кеңесші-елші дәрежесіндегі мансапты мүшесі. Ол  АҚШ дипломатиялық қызметіне 1987 жылы алынған.

Осы уақытқа дейін Бағдадтағы АҚШ Елшілігінде экономикалық қарым-қатынастар жөніндегі кеңесші-елші, Вьетнамның Хошимин қаласындағы АҚШ Бас Консулдығында Бас  консул, Польшаның Краков қаласындағы АҚШ Бас Консулдығында Бас консул, Украинаның Киев қаласындағы АҚШ Елшілігінің экономикалық мәселелер жөніндегі консулы, Канаданың Ванкувер қаласындағы АҚШ Бас Консулдығында миссия басшысының орынбасары, Ресейдің Мәскеу қаласындағы АҚШ Елшілігінде Қоршаған ортаны қорғау, ғылым және технологиялар жөніндегі кеңсенің қызметкері, Кореяның Сеул қаласындағы АҚШ Елшілігінде консул, Кореяның Пусан қаласындағы АҚШ Консулдығында вице-консул және Оманның Мускат қаласындағы АҚШ Елшілігінде экономика және сауда мәселелері жөніндегі кеңсе қызметкері лауазымдарын атқарған. Кеннет Дж. Фэйрфакс, сонымен қатар, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің штатында Ресей, Украина және Еуразия елдері бойынша директор және Ядролық материалдар қауіпсіздігі жөніндегі басқарманың директоры қызметтерін атқарды.   
  
Ол экономика саласындағы көрнекті жетістіктері үшін үш рет әлемдік деңгейдегі Мемлекеттік департамент сыйлығын,  қоршаған ортаны қорғау, ғылым және технологиялар саласындағы көрнекті жетістіктері үшін «Сальцман сыйлығын» және қиын тілді меңгергені үшін «Синклэр сыйлығын» алған. Мемлекеттік департаментіне келместен бұрын, Фэйрфакс мырза Калифорниядағы «Силикон алқабында» кішігірім технологиялық компанияның президенті болды, ал одан бұрын Калифорния штатындағы Сан-Францискода жекеменшік консалтинг фирмасында қала құрылысы мәселелері бойынша экономист болып жұмыс істеді. Қазақстанда жұбайы Найетта Яркинмен бірге тұрып жатыр.