Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Визалар

Жалпы ақпарат

Виза деген не?
 
Визаны АҚШ Елшілігі немесе Консулдығы береді. Виза өз иесіне Америка Құрама Штаттарына саяхаттап баруға және елге кіргізу туралы өтініш беруге құқық береді. Бірақ ол елге кіретініңізге кепілдік бермейді. Кіру бекетіндегі иммиграциялық офицер виза иесінің АҚШ аумағына кіруге рұқсаты бар-жоғын анықтап, оның елде қалу ұзақтығын белгілейді.

Виза кімге қажет?

Қазақстан азаматтары, көптеген елдердің азаматтары сияқты, АҚШ-қа кіру үшін виза алуы қажет. Кей елдердің азаматтары туристік, бизнес немесе транщит мақсатында барса және белгілі бір басқа талаптарға сай болса, АҚШ-қа визасыз кіре беруі мүмкін. Визасыз кіру бағдарламасы (VWP) туралы қосымша ақпарат алу үшін осы жерді басыңыз.

Визалардың түрлері
 
Иммигранттық емес визалар АҚШ аумағынан тыс жерде тұрғылықты жері бар, бірақ АҚШ-қа уақытша туризм, бизнес, емделу, уақытша жұмыс істеу немесе оқу үшін барғысы келетіндерге арналған. Дәл қазір өтініш беру үшін осы жерді басыңыз.
 
Иммигранттық визалар АҚШ аумағында шексіз уақыт немесе тұрақты тұрғысы келетін кез келген адамға арналған. Америка Құрама Штаттарына кіргеннен кейін, иммигранттық виза иесі «Грин кард» деген атпен танымал тұрақты тұру ықтиярхатын (I-551) алуға өтініш білдіреді.