Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Елшілік туралы ақпар

Бөлімдер мен агенттіктер туралы

Орталық Азия аймағындағы аурулардың алдын алу және қадағалау орталықтары (CDC/CAR)

Директоры: Джордж Шмид
http://www.cdc.gov

CDC миссиясы

Саламатты өмір салтын насихаттау, аурулар, жарақаттар мен мүгедектіктің алдын алу және денсаулыққа төнетін жаңа қауіптерге дайын болу арқылы адамдар мен қоғамға денсаулығын қорғау үшін қажетті тәжірибе, ақпарат пен құралдар жасау үшін ынтымақтаса жұмыс істеу.

CDC өз миссиясын төмендегі мақсаттарда елдегі және әлемдегі серіктестермен бірлесе жұмыс істеу арқылы атқаруда:

  • денсаулықты бақылау;
  • денсаулыққа қатысты мәселелерді анықтау және зерттеу;
  • алдын алу шараларын күшейту үшін зерттеулер жүргізу;
  • халықтың денсаулығын қорғау саласында дұрыс стратегияларды әзірлеу және насихаттау;
  • аурулардың алдын алу стратегияларын ендіру;
  • саламатты өмір салтын насихаттау;
  • өмір сүруге қауіпсіз әрі пайдалы орталарды жасауға септесу;
  • жетекшілік және үйрету жұмыстарын қамтамасыз ету.

Аталмыш функциялар CDC миссиясының негізін құрайды. CDC құрамындағы ұйымдардың әрқайсысы өздерінің арнаулы бағдарламаларын жүргізу кезінде осы іс-әрекеттерді іске асырады. Аталған миссияны атқаруға қажетті қадамдар, сонымен қатар, жақсы дайыдықтан өткен медициналық жұмысшылар мен жоғары сапа және этика стандарттарына берік жетекшілерді қажет ететін жоғары ғылыми деңгейге негізделген.

CDC негізгі іс-әрекеттері

CDC Орталық Азия республикаларының денсаулық сақтау министрліктерімен, халықаралық серіктестермен және донорлық ұйымдармен, сондай-ақ көптарапты серіктестермен Орталық Азия халқының жалпы денсаулық жағдайына оң әсерді қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда халықтың денсаулығын сақтау әлеуетін дамыту мақсатында бірлесіп жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта CDC Орталық Азияда алты бағдарламаны іске асырып жатыр:

  • Қолданбалы эпидемиология бойынша оқыту бағдарламасы (FETP)
  • Ынтымақтасқан биологиялық араласу бағдарламасы (CBEP)
  • Құс тұмауы (AI)
  • Халықаралық төтенше жағдайларға дайындық бағдарламасы (бұрынғы All Hazards Public Health)
  • Қайта пайда болатын аурулар жөніндегі бағдарлама (IEIP)
  • СПИД-ке қарсы әлемдік бағдарлама (GAP)
    Бірінші бес бағдарламаны доктор Джордж Шмид (gschmid@kz.cdc.gov), ал соңғысын доктор Бенджамин Миллс (bmills@kz.cdc.gov) үйлестіреді.

 

CDC кеңселерінің орналасқан жерлері:  
 
АҚШ Бас Консулдығы – Алматы, Қазақстан
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050010,
Қазыбек би көшесі, 41
«Парк Палас» ғимараты
Тел.: +7 (727) 250 76 12/17
Факс: +7 (727) 250 17 77

АҚШ Елшілігі – Ташкент, Өзбекстан
Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласы 100093,
Юнусабад ауданы, 5-квартал, Майқорған көшесі, 3
Тел.: (998-71) 120-7905/ 140-2494
Факс: (998-71) 120-7904

Консулдық бөлім
Консул (Алматы): Ян Тёрнер
 
Консулдық бөлім Қазақстанда тұрып жатқан АҚШ азаматтарына қызметтер көрсетеді. Бұл қызметтерге төлқұжаттарды жаңарту, шетелде туу туралы консулдық анықтамалар және т.б. кіреді. Сонымен қатар, бөлім АҚШ-қа саяхаттап барушылар үшін иммигранттық емес визалар береді. Елшіліктің Алматыдағы филиалы иммигранттық визалар да береді. Консулдық қызметтеріміз туралы қосымша ақпарат алу үшін веб-сайтымыздағы консулдық беттеріне кіріңіз немесе мына жерді басыңыз.

Әскери атташе
Әскери атташе: Роберт Тимм

Әскери атташе бөлімі аймақтағы қауіпсіздік және қорғанысты модернизациялау мен оқыту мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық құру үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіндегі әріптестесмен бірлесіп жұмыс істейді.

Қорғанысқа төнетін қауіп-қатерлерді азайту агенттігі (DTRA)
Қорғанысқа төнетін қауіп-қатерлерді азайту агенттігінің директоры: Крейг Белл

Қорғанысқа төнетін қауіп-қатерлерді азайту агенттігі жаппай қырып-жою қаруларынан келетін қатерлерді жою мақсатында қазақстандық әріптестермен бірлесіп жұмыс істейді. DTRA Қауіп-қатерлерді бірлесіп азайту бағдарламасының (Нанн-Лугар бағдарламасы) Қазақстанда қолданысқа енгізілуі мен Стратегиялық қаруларды азайту келісім-шарты (START), Еуропалдағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт (CFE) және 1999 жылғы Вена құжаты (VDOC-99) сияқты келісім-шарттардың орындалуын қадағалау үшін жауапты. DTRA миссиясы туралы қосымша ақпаратты www.dtra.mil сайтынан табуға болады.

Энергетика департаменті
Энергетика департаментінің директоры: Кристин Хёрш

Энергетика департаменті АҚШ пен Қазақстан арасындағы энергетика саласындағы серіктестіктің жүзеге асырылуы үшін жауапты. Энергетика департаменті мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің серіктестігі ядролық энергия мен қауіпсіздік, мұнай мен газ, электр энергиясы және қалпына келетін энергия көздері салаларындағы екі елдің Президенттері үшін маңызды бірқатар стратегиялық мақсатты көздейтін ағымдағы жобаларды қадағалайды.

Серіктестікке қоса, Энергетика департаменті Қазақстанда Нанн-Лугар қаруларды таратпау бағдарламасының (Қауіп-қатерлерді бірлесіп азайту бағдарламасы деген атпен де белгілі) бөліктерінің қолданылуына, әсіресе Ақтаудағы Кеңес дәуірінен қалған жылдам нейтрондармен жұмыс істейтін БН-350 реакторының қолданыстан шығарылуына және 75 кг жоғары байытылған уранның Алматыдағы Ядролық физика институтының жанындағы зерттеу реакторынан Ресейге қайтарылуына жауапты. Қазақстан Республикасының Кеден комитетімен серіктесе отырып, Энергетика департаменті Қазақстандағы шекара бекеттерін ядролық және радиологиялық материалдардың заңсыз тасымалдануын анықтайтын жабдықпен жарақтандыруды көздейтін Екінші қорғаныс сызығы бағдарламасының қолданысқа енгізілуі үшін де жауап береді.
 
 
Экспортты бақылау және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімі (EXBS)
EXBS кеңесшісі: Кирк Брадхем
 
Экспортты бақылау және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы Қазақстандағы шекара бекеттері мен кеден қызметтеріндегі әріптестерімен олардың экспортты бақылау жүйелерін жақсарту мақсатында бірлесіп жұмыс істейді. EXBS бағдарламасы Қазақстанның қауіпті заттар мен технологиялардың тасымалдануының алдын алу және тыю қабілетін жақсартуға көмектесу үшін оны тренингтермен және жабдықтармен қамтамасыз етеді. EXBS бағдарламасы туралы қосымша ақпарат алу үшін, www.exportcontrol.org сайтына кіріңіз


Құқықтық мәселелер жөніндегі атташе

Құқықтық мәселелер жөніндегі атташе: Кеннет Джонс
 
Барлық Орталық Азия елдері үшін жауапты құқықтық мәселелер жөніндегі атташе кеңсесі қылмыстық тергеу мәселелері бойынша құқық қорғау органдарындағы әріптестерімен бірлесіп жұмыс істейді.


Басқару бөлімі
Басқару бөлімінің басшысы: Патрисия Миллер
 
Басқару бөлімі Елшілік қызметінің бүкіл қаржы, адам ресурстары, келісім-шарттар жасау, технологиялар, көлік және құрылыс мәселелерімен айналысады. АҚШ Елшілігіндегі бос жұмыс орындары туралы білу үшін, мына жерді басыңыз.


Әскери ынтымақтастық бөлімі
Әскери ынтымақтастық бөлімінің басшысы: Джастин Колберт

Әскери ынтымақтастық бөлімі мемлекетаралық бейбітшілікті сақтау операциялары кезіндегі бірлескен жұмысты нығайту және аймақтағы есірткі мен терроризмге қарсы шаралардың нәтижелілігін арттыру үшін Қорғаныс департаментінің қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру және қолданысқа енгізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен, Төтенше жағдайлар министрлігімен және шекара әскері қызметімен бірлесіп жұмыс істейді. АҚШ Орталық командованиесі мен оның бағдарламалары туралы қосымша ақпарат алу үшін, http://www.centcom.mil/ веб-сайтын қараңыз.


Саяси-экономикалық бөлім
Саяси-экономикалық бөлім бастығы:   Майкл  Диксон

АҚШ Елшілігінің саяси-экономикалық бөлімі США саясатының қырларын Қазақстан басшылығына жеткізу және қазақстандық қоғамның барлық сегменттеріндегі көзқарастарды американ саясаткерлеріне дәл сол қалпында хабарлау үшін қазақстандық қоғамның үкіметтік, қаржы, бизнес және үкіметтік емес секторларымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді.

Баспасөз, мәдениет және білім бөлімі
Баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің бастығы: Кэтрин Джарвис
Баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің бастығы (Алматы): Тристрам Перри

Аймақтық ағылшын тілі бағдарламаларының бастығы: Дженнифер Ухлер
Баспасөзбен байланыс жөніндегі өкілі: Джон Ларсен

 
Баспасөз, мәдениет және білім бөлімі Қазақстан мен АҚШ халықтарының арасында өзара түсіністік қалыптастыру үшін жұмыс атқарады. Біз оны мәдени бағдарламалар, студенттер мен мамандар алмасу, БАҚ-пен жұмыс істеу, ағылшын тіліне үйрету және көптеген басқа салаларда жүзеге асырып жатырмыз. Америка Құрама Штаттарында оқығыңыз немесе тәжірибеден өткіңіз келсе, біз ұсынатын көптеген алмасу бағдарламаларын бір қарап шығыңыз. АҚШ туралы білуге қызығушылығыңыз болса, Астана және Алматы қалаларындағы Ақпараттық ресурс орталықтарына хабарласыңыз немесе жақын жердегі Американ бұрышына  барыңыз. Басқа сұрақтарыңыз туындап жатса, оларды info@usembassy.kz поштасына жолдаңыз.

Аймақтық қауіпсіздік бөлімі
Аймақтық қауіпсіздік бөлімінің бастығы: Дэвид Хадсон 
 
Аймақтық қауіпсіздік бөлімі Елшілік пен шет елдерде жұмыс істейтін американдық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

АҚШ Халықаралық даму агенттігі (USAID)
Орталық Азия аймағы бойынша USAID миссиясының директоры: Клэй Эпперсон
USAID Қазақстандық бөлімінің басшысы: Нильс Бергесон
USAID бұқарамен байланыс қызметі:
Мишель Блау

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы 050010,
Қазыбек би көшесі, 41
Тел.: +7 (727) 250-7612 (жалпы нөмір) 

Алматы қаласында орналасқан және бүкіл Орталық Азия аймағындағы даму жобаларының бастамашысы болып отырған АҚШ Халқаралық даму агенттігі (USAID) әлемнің 100-ден астам елінде американ халқының атынан халықаралық даму мақсаттарында көмек көрсетеді. USAID Қазақстанға көмек көрсетуді 1992 жылы бастады. Сол кезден бері американ халқы USAID арқылы елдегі экономикалық секторды, денсаулық сақтау жүйесін және демократиялық институттарды дамытуға көмектесетін бағдарламаларға жарты миллиард доллардан астам қаржы бөлді.
USAID өз қызметін ел үкіметімен екіжақты келісім негізінде атқарып жатыр және үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, мекемелермен, кәсіпорындармен және қауымдастықтармен бірлесіп жұмыс істейді. USAID Қазақстандық энергетика нарқы, аймақтық сауда мен іскерлік ортаны нығайтуға көмектеседі, сондай-ақ экономикалық реформалардың іске асырылуын қолдайды. Денсаулық сақтау секторындағы көмектер негізінен алғашқы медициналық көмек, ана мен бала денсаулығы мен туберкулез және ВИЧ/СПИД сияқты ауруларға қарсы күреске бағытталған. Жергілікті ұйымдар мен мекемелер бақылауды күшейту, ақпаратқа қол жеткізу және халықтың араласуы бойынша көмек алады.
USAID туралы қосымша ақпарат алу үшін, USAID веб-сайтына кіріңіз.

АҚШ Коммерциялық бөлімі
Коммерциялық бөлім бастығы: Джастин Киммонс-Гилберт 
Тел.: +7 (727) 250-4850, +7 (727) 250-4950

АҚШ Сауда департаментінің шетелдік тармағы болып табылатын АҚШ Коммерциялық бөлімі АҚШ кәсіпорындарына тауарлар мен қызметтерді әлемік нарықтарға экспорттау бойынша айтарлықтай көмек көрсетеді. Алматыдағы АҚШ Коммерциялық бөлімінің кеңсесі кеңес беру, нарықты зерттеу, серіктестер іздеу, сауда шаралары және бизнесті дамыту қызметтері арқылы АҚШ компанияларының нарықтарға сәтті кіруіне жәрдемдеседі. АҚШ Коммерциялық бөлімі туралы қосымша ақпарат алу үшін, export.gov веб-сайтына немесе trade.gov веб-сайтына кіріңіз.