Skip Global Navigation to Main Content
Skip Breadcrumb Navigation
Ақпараттық ресурстар орталығы
 
Ақпараттық ресурс орталығы (АРО)  (Астанадағы АҚШ Елшілігінің суреті)

Ақпараттық ресурс орталығы (АРО)

Ақпараттық ресурс орталығы (АРО) Қазақстан Республикасындағы АҚШ елшілігінің Қоғамдық Байланыс бөлімінің ажырамас бөлігі болып табылады. АРО Американың саяси, әлеуметтік және мәдени өмірі жайында ақпарат ұсынады. Зерттеушілер мен мамандар АРО-на кіріп ең жаңа анықтамалық-ақпараттық қоры мен ғаламтор-технологияларын пайдалануына болады. Мұнда олар АҚШ үкіметі мен мекемелері туралы, заңнамалық өзгерістері, сыртқы және ішкі саясаты және әлеуметтік-экономикалық, саяси және қауіпсіздік мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап таба алады. АРО-да жаңа технологиядан бейхабар зерттеушілер мен мамандар ғаламтор мен CD-ROM технологиясын да үйрене алады.

Анықтамалық құралдар

АРО–дағы анықтамалық әдебиет қоры шамамен 1,000 томды құрайды. Оның ішіне энциклопедиялар, атластар, анықтамалықтар, әдеби жинақтар, жылдық басылымдар кіреді. АРО өмірбаян деректері, статистика, түрлі тақырыптарды қамтитын библиографиялық мағлұматтарды ұсынады.

Ғаламтор және компакт дискілер

АРО, сондай-ақ, АҚШ-тың 300-ден астам дерек қоймасын интернет желісі арқылы және бірнеше компакт дискілері арқылы қолдана алады. Бұған прокуест (ProQuest) дерекқоры, ағылшын тіліндегі 300-ден аса толық мәтінді журнал мен түрлі тақырыптағы 1400 мерзімдік баспаның индекстелген тезистері кіреді.

Бұған қоса, Нью-Йорк Таймстың алдыңғы басылымдарына да осы жүйе арқылы қол жеткізуге болады. Factiva 6000-нан аса ағылшын тіліндегі жаңалық таспасы, журналдар және кәсіби журналдар, Lexis-Nexis – заңдардың, жаңалықтар және елдердің шолулары, АҚШ кодексі, энциклопедиялары және басқа да ақпараттың ең үлкен онлайн дерекқоры.

Астанадағы АРО (IRC) мекен-жайы:

Ақбұлақ 4
23-22 көшесі, 3 үй
Астана, Қазақстан 010010
Тел.: +7 7172 70-23-01

Электрондық пошта: ircАстана@usembassy.kz

Алматыдағы АРО (IRC) мекен-жайы:

Самал-2
97 Жолдасбеков көшесі
Алматы, Қазақстан 050059
Тел.: +7 7272 50-48-02
Э-пошта: info@usembassy.kz

Ақпараттық ресурс орталығына кіру тек алдын ала жазылу арқылы жүзеге асады. АРО-ға кіру үшін сіз өзіңіздің жеке куәлігіңізді ала келуіңіз керек. Ұялы телефоныңызбен бірге кіруге тыйым салынатынын ескеріңіз; телефоныңызды өшіріп, елшіліктің негізгі қауіпсіздік бақылау пунктінде қалдырыңыз.