The New $100 Note. Know Its Features. Know It's Real.

ttt

Жиі қойылатын сұрақтар

Loading...

Неліктен 100 АҚШ доллар банкноты өзгертілген?
Біздің жасанды көшірмелерді төмен деңгейде сақтап, ақшаңызды қорғауға көмектескіміз келеді. Оны жасау үшін, біз жасандылықтан жоғары болуымыз керек. Олар бір жерде тұрмайды, сондықтан біз де алға ұмтылуымыз керек. Біз жасаған өзгерістердің ықтимал жасанды көшірмелерді жасауына кедергі жасайды деп сенеміз, себебі жаңа дизайн жасанды көшірме жасау үшін өте күрделі және жаңа қауіпсіздік мүмкіндіктері оның түпнұсқалығын анықтау мақсатында банкноттарды тексеру үшін адамдарға оңай болып табылады.

Ескі дизайндағы банкноттарды жаңа банкноттағы дизайнға ауыстыру қажет пе?
Жоқ. Жаңа 100 долларлы банкноты айналымға шығарылған кезде, ескі дизайндағы банкноттарды жаңасына ауыстырудың қажеті жоқ. Барлық АҚШ ақшалары қай уақытта шығарылғанына қарамастан, заңды деңгейін сақтайды.

Жаңа 100 АҚШ долларлы банкнотын қашан айналымда көре аламыз?
Федеральды резерв басқармасы Қазанның 1, қайта жасалған 100 долларлы банкноттың шығу мерзімін кейінге қалдыруды жариялады. Бұл жаңа дизайн, жалған ақша жасаушылыққа қарсы, қазіргі заманға сай ең озық технологиялармен жасалған. Сондықтан федеральды резерв жүйесі, бүкіл әлемдегі АҚШ банкнотын қолданылушыларды, өте қатал тексеруден өткен, тек жоғары сапалы банкнотпен қамтамассыз етуге жүктеулі. Америка Құрама Штатының ою және басып шығару бюросы, федеральды резерв жүйесінің банкноттарын басып шығару кезінде, кенеттен туындаған, банкноттың бетіндегі қатпарға кезікті. Мұндай жағдай, банкнотты шығарар алдындағы жете жасалған тест кезінде байқалмаған. Соның салдарынан, федералды резерв жүйесі жоспарлағандай, жаңа 100 долларлы банкноттарды керекті мөлшерде жасауға және оны таратуға мүмкіндігі жоқ.

Ою және басып шығару бюросы қазіргі уақытта, осы мәселені шешуде және федералды резерв басқармасы, жаңа дизайнды 100 долларлы банкноттың қай күні шығарылатынын тез арада хабарлауға тырысады. Банкноттың айналымға шығу мерзімі, ескі жоспар бойынша Ақпанның 10, 2011 болған.

Ол шығарылғаннан кейін, 100 АҚШ долларлы банкнотын федералды резервке тапсырыс берілгеннен кейін кез келген дүние жүзіндегі коммерциялық банктер жаңа дизайнмен жасалған ақшаға қол жеткізе алады. Қашықтық, ақша сұранысы, және де әр банктің өз саясаты, Америка Құрама Штаттарындағы және халықаралық нарықтағы халыққа қайта жасалған 100 АҚШ долларлы банкнотының тез жету мерзімін анықтайтын факторлардың бірі болады.

100 АҚШ долларлы банкнотына түс безендіруін қалай таңдаған және оны кім дайындаған?
100 АҚШ долларлы банкнотының түс безендіруі Оюлау және Басып шығару Бюросының дизайнерлерімен ұсынылған. Қауіпсіздік мүмкіндіктерін, дизайн элементтерін, банкноттың әр түрлі бірігу деңгейлерін есепке ала отыра банкноттың түсі таңдалынған.

Ақшаның шынайылығын тексеруі үшін, түс қауіпсіздік мүмкіндігі еместігін есте сақтаңыз . Үш өлшемді қорғаныш жолағы және сиясауыттағы қоңырау сияқты негізгі қауіпсіздік мүмкіндіктерін тексеру жаңа 100 долларлы банкнотының түпнұсқалығын тексерудің ең сенімді жолы болып табылады.

АҚШ және шетелде жасанды көшірмелеудің деңгейі қандай?
Тиімді қоғамдық оқыту, заң күші және қауіпсіздік мүмкіндіктері АҚШ ақшасының жасанды көшірмеленуін төмен деңгейде сақтайды. Дегенмен айналымдағы барлық АҚШ ақшасының мәнінің жүзден бірінен төмені жасанды көшірмеленген деп хабарланады, 100 АҚШ доллар банкноты ең көп айналыстағы ақша және Америка Құрама Штаттарынан тыс елдерде көбінен осы купюра жасанды көшірмеленеді.

Егер мен АҚШ банкнотының жасанды көшірмесін алсам, не істеуім керек?
Егер сіз жасанды банкнотты қабылдадым деп ойласаңыз, жергілікті полиция бөліміне немесе Америка Құрама Штаттарының құпия қызметінің жергілікті кеңсесіне хабарласыңыз. Бұл контакт нөмірлері АҚШ телефон кітапшаларында немесе заң күшінің белсенді картасынан табылуы мүмкін.

Жасанды деп ойлаған банкноттың шеткі жағына инициалдарыңыз бен күнді жазыңыз. Банкнотты ұстауды шектеп, оны хатқалта сияқты қорғаныс қорапшасына абайлап салыңыз. Банкнотты тек қана полиция офицеріне немесе АҚШ құпия қызмет агентіне тапсырыңыз.

Ақшаны зерттейтін адамдар үшін ынталандыру қандай?
Ол қарапайым әдіс. Егер сіз жасанды банкнотты алсаңыз, сіз ақшаңызды жоғалтасыз. Жасанды банкноттар түпнұсқасына ауыстырылмайды және біле тұра оларды өткізу заңсыз болып табылады.

Ескірген немесе мыжылған АҚШ банкноты өзінің толық мәнін сақтайды ма?
Күнделікті қалыпты қолдану кезінде ескірген немесе мыжылған банкноттар өзінің заңды деңгейін сақтайды. Бүлінген, мысалы толығымен өрт немесе май арқылы зақымдалған банкноттардың құндылығын анықтау үшін арнайы тексеруден өткізу керек. Егер бастапқы банкноттың бір жартысын анық түрде сақтап қалсаңыз, банкнотты оның алдыңғы мәні үшін сақтап қалуға болады. Қосымша ақпаратты оюлау және басып шығару бюросының www.moneyfactory.gov веб-торабындағы «Зақымдалған ақша» бөлімінен қараңыз.

100 АҚШ долларынан кейін қандай купюра қайта жасақталады?
Әлі шешім қабылданған жоқ. АҚШ ақшасын әрбір 7-10 жылда қайта жасау біздің есебіміз. Біз жасанды көшірмелеу қаупін әрбір купюраға қатысты үздіксіз бақылаудамыз және осы ақпарат бізге қай банкнот, қашан жасалатыны туралы шешім қабылдау кезінде көмектеседі. Біз келесі қайта жасалатын дизайн үшін жаңа параметрлерді жасаудамыз.

Жаңа дизайнға дайын болу мақсатында АҚШ үкіметі халықаралық бірлестікке көмектесу үшін қандай әрекет орындауда?
100 АҚШ банкнотын қайта жасаудың кіріспесіне дайындық кезінде, АҚШ үкіметі дизайнмен және жаңа 100 АҚШ доллар банкнотының қауіпсіздік мүмкіндіктерімен дүниежүзіндегі барлық адамдарды таныстыру үшін кеңінен таралған жаһандық қоғамдық оқыту бағдарламаларына жүгінуде.

Жаңа 100 АҚШ банкнотының дизайны мен қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы түсіндіру үшін, біз 25 тілде оқыту материалдарын жетілдірудеміз. Егер сіз қызметкерлеріңізді оқыту үшін тегін мульти банкнот буклетін қажет ететін банк қызметкері болсаңыз немесе бағаныңызға жаңа 100 АҚШ долларының плакаттарын ілуіңіз қажет ақша айырбастау кассирі болсаңыз, біз сізге тегін әрі қажетті материалдардың ауқымын осы ісіңізге көмек мақсатында береміз. Сіз осы материалдарды тегін осы жерден қотаруыңызға болады.

Кейбір аймақтарда біз семинарлар, тарату материалдарын және басқа медиа және қоғамдық білім беру әрекеттерін жүргізуді жоспарлаудамыз.

Неліктен АҚШ үкіметі АҚШ мемлекетінен тыс жердегі қоғамдық оқыту бағдарламаларына жүгінуде?
Біз 100 доллар банкнотының үштен екісінің Америка Құрама Штаттарынан тыс жерде айналыста екенін анықтадық және дүние жүзі бойынша ақшаны пайдаланатын адамдарды шатастырмас үшін және жаңа дизайнға жеңіл ауыстыру мақсатында өзгертулер туралы хабардар ету маңызды деп есептедік.

Егер біз адамдарды жасалған өзгертулер туралы хабардар етпей жаңа дизайнды шығарсақ, көптеген тұтынушылар банкноттың шынай екеніне сенбей, оны қабылдаудан бас тартуы мүмкін. Бұл коммерцияға үлкен кедергі келтіруі мүмкін. Сондай-ақ, адамдарды жаңа дизайндағы қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы оқытпасақ, жасанды көшірме жасаушылар үшін жасанды ақшаны өткізіп жіберу оңайға соғады, себебі адамдар шын және жасанды банкноттардың арасындағы айырмашылықты қалай анықтауға болатынын білмеуі ықтимал.

Bookmark and Share
$100 Note