Осы құжат "Web Style Sheets home page" мақаласының қазақша аудармасы болып есептеледі. Құжаттың түп нұсқасы тек қана W3C тің http://www.w3.org/Style/
сайтында бар. Осы аударма W3C тің ресми құжаты болмайды.
Барлық авторлық құқықтар W3C-ке тиесілі.
Осы құжатта аударма қателері мен жаңылыстар бар болуы мүмкін.
Автор: Какабаев Рустам (барлық аудармалар авторның жұмысы)
Локалды нұсқасы: http://www.kazaja.com/Style/
(Бұл бет CSS стильдердің каскадты кестелерін пайдаланады)
"Барлық веб инновациялар CSS мен жұмыс істеу кезінде Веб Консорциумнан үлгі алады деп үміттенеміз"
— Jakob Nielsen
Стиль кестелері құжаттар экранда, басылған кезде қалай бейнеленуін және мүмкін, қалай айтылуын мазмұндайды. 1994 жылы жарыққа шыққан уақытынан бері W3C интернетте стиль кестелерін пайдалануды белсенді түрде насихаттап келеді Style Activity тобы W3C (CSS1, CSS2, XPath, XSLT) тың бірнеше ұсыныстарын берген болатын. CSS әсіресе браузерлерде кеңінен қолданылады.
Интернетте құрылымдалған құжаттарда (яғни HTML) стиль кестелерін пайдаланып, авторлар мен оқырмандар құжатты өзгертпестен оның бейнеленуіне ықпал жасай алады немесе қоса алады.
Стиль кестелерімен эксперимент жасаудың ең қарапайым жолы – бұл CSS ті қолдайтын браузерді табу. Стиль кестелері мәселелері бойынша пікірталастар www-style@w3.org пошталық жіберуінде және comp.infosystems.www.authoring.stylesheets де жүргізіліп жатыр.
Style Activity W3C тобы сондай-ақ XSLT мен «Форматтау объектілері» (XSL-FO) комбинациясынан тұратын XSL-ді әзірлеп отыр.
Тілдердің қайсы бірін таңдауды ойланып отырсыз ба? "CSS & XSL" ді оқыңыз.
W3C-тің CSS ке қосымша ретінде XSL-ді де әзірлеу фактісі кейбір тәртіпсіздікді тудырып жатыр. Егер зерттеушілер әлі бірінші тілді әзірлеуді аяқтамаған болса, стиль кестелерінің екінші тілін әзірлеу неге керек? Жауаптар келесі кестеде берілген:
CSS | XSL | |
---|---|---|
HTML мен бірге пайдалануға болады ма? | иә | жоқ |
XML мен бірге пайдалануға болады ма? | иә | иә |
Өзгерту тілі ме? | жоқ | иә |
Синтаксис | CSS | XML |
CSS тің бірегейлігі -оны HTML және XML құжаттарды белгілеу үшін пайдалануға болады. Екінші жағынан XSL құжатты өзгертуі мүмкін. Мысал үшін XSL веб серверде XML мәліметтерін HTML/CS құжатына өзгерту үшін пайдаланылуы мүмкін. Бұл жағдайда тілдер бірін-бірі толықтырады және оларды бірге пайдалануға болады.
Тілдердің екеуі де XML құжатын формматтау үшін пайдаланылуы мүмкін.
CSS және XSL ұқсас пішімдеуді пайдаланады және, сөйтіп, зерттеушілер тілдердің екеуінде де бірдей пішімдеу моделіне қолы жетімді болады. W3C пішімдеу модельдерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету жөнінде жұмыс істейді.
W3C-тің "XSL мен CSS ті бірге пайдалану" тақырыпы бойынша жазбалары қол жетімді.
Егер Сіз бұл тақырыпта жаңа адам болсаңыз, онда мүмкін Сіз стиль кестелері туралы оқуды қалайтын шығарсыз:
Көбірек (және жаңарақ ақпарат үшін) CSS және XSL ге қараңыз.
Беттің астындағы кнопкалар туралы ақпарат кнопкалар бетінде және CSS валидаторында қол жетімді.
Стильдердің каскадты кестелері (CSS) – бұл веб-дизайнерлер және пайдаланушылардың қажеттерін қанағаттандыру үшін арнайы әзірленген стиль кестелерінің механизмі.
W3C-тің кеңейтілетін пішімдеу тілін (XSL) әзірлейтін Жұмыс тобы бар. XSL DSSSL және CSS негізінде әзірленеді және ең алдымен жоғары құрылымды XML мәліметтеріне, мысал үшін, бейнелеу алдында жазып алу қажет мәліметтерге бағытталған. XSL бойынша көбірек ақпарат үшін XSL W3C бетіне қараңыз.
DSSSL –бұл құжат құрылымын өзгерту және пішімдеу тілі болып, SGML әзірлеушілерінің ортасында оның жолын ұстаушылар көп. Интернеттегі DSSSL ресурстар:
CSS файлды «қолмен», яғни әр қандай мәтіндік редактормен құру және редакциялауға болады, бірақ сіз стиль кестелерінің файлдарымен жұмыс істеу үшін ECMAscript, Java немесе әр қандай басқа тілде бағдарлама жасасаңыз болады. Ал іс жүзінде сіз стиль кестелерімен жұмыс істеу үшін жақты софт және кітапханаларды пайдалануыңызға болады. Осындай бағдарламаларды және кітапханаларды әр түрлі компьютер платформаларына импорттауға көмек үшін W3C осындай кітапханалардың барлығында болуы тиіс функциялар жиынтығын белгіленген CSS-DOM деп аталған спецификацияны әзірледі.
CSS құжатының объектілік моделі – бұл CSS ті (және белгілі бір өлшемде стильдердің басқа тілдерін) бағдарламадан редакциялау үшін API (бағдарламалаудың абстрактты интерфейсі). API – бұл бағдарламалық кітапхананың спецификациясы. Сіз бұны нұсқаумен салыстыруыңызға болады: Сізде барлық функциялардың сипаттауы және параметрлері болады, бірақ кодтың өзі болмайды.
Әр түрлі платформалар үшін CSS-DOM нің бірнеше кітапханалары қол жетімді. Олардың көпшілігі тегін. Көптеген браузерлер ECMAScript бағдарламаларды пайдалану үшін CSS-DOM-нің ішіне салынған кітапханаларына ие.
SAC (CSS үшін қарапайым API) – бұл CSS-DOM үшін қосымша. CSS-DOM-нің компьютердің жадына жүктелгеннен кейін стиль кестелерімен манипуляция жасауға арналған функциялары бар; SAP-тағы функциялар стиль кестелерін тәртіпке салуға, яғни стиль кестелерін файлдан жадқа көшіруге көмектеседі.
CSS-DOM W3C тің ұсынысы. SAC жобасы дамытылуда. Біршама бағдарламалар (браузерлер емес) CSS туралы бетте берілген.
Сонымен қатар төмендегілерге қараңыз:
Команда W3C командасы және оның өкілдері жиі-жиі тұсаукесер рәсімін өткізіп тұрады.
Динамикалық HTML – бұл динамикалық мазмұндағы HTML құжатты айыруға арналған аталым. CSS - HTML құжаты динамикалық мазмұнының үш құрамдас бөлігінен бірі; басқа екісі де- бұл HTMLдің өзі және JavaScript (EcmaScript атауымен стандартталған). Осы ұш құрамдас бөлік DOM - Құжаттың Объектілік Моделі арқылы бірлестірілген.